424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Миннесота штатында алапат құйыннан бір адам көз жұмды

  • 222
  • UPD: 10:03, 10.07.2020
Миннесота штатында алапат құйыннан бір адам көз жұмды

АҚШ-тың Миннесота штатында ойран салған торнадо бір адамның өмірін қиды. Тағы екі тұрғын түрлі жарақат алды.

Зардап шеккендер дәрігердің көмегіне жүгінді. Табиғаттың тосын мінезі аймақтағы фермалардың тас-талқанын шығарды. Бірнеше баспанаға айтарлықтай зақым келді.  Құйын жолдағының бәрін жайпаған. Ауыл шаруашылық техникасы аударылып, ағаштар түбімен жұлынған. Егістік алқаптары да жарамсыз күйге айналды. Желдің екпіні сағатына 165 шақырымға жетті.

Куәгерлердің айтуынша, торнадо кенеттен басталып, шамамен 20 минуттай құйындатты. Метеоролог мамандар апат тағы қайталануы мүмкін екенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы