420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Калифорнияда орман өрті індет жұққандарға қауіп төндіріп тұр

  • 205
  • UPD: 12:56, 10.07.2020
Калифорнияда орман өрті індет жұққандарға қауіп төндіріп тұр

АҚШ-тың Калифорния штатында да ормандар өртенуде. Тек Сан-Франциско қаласының маңайында жүзден аса өрт ошағы тіркелді.

Жергілікті билік штаттың негізгі күре жолында қозғалысты тоқтатып, өрт тақаған бірнеше елді мекеннің тұрғындарын көшіртті. Бұл онсыз да мәз емес эпидемиологиялық жағдайды ушықтыруы мүмкін.  Мамандар түтіннің кесірінен коронавируспен ауырғандардың жағдайы нашарлауы мүмкін дейді. Соңғы бір тәулікте Калифорния штатында бұл ауруды жұқтырған 8 мыңнан аса адам анықталды. Күн сайын штат аумағында Ковид-19-дан 70-тен аса науқас қайтыс болады.

Портер, Калифорния өрттен қорғану департаментінің жетекшісі:

- Өрт тарай бастағандықтан жергілікті тұрғындарды көшіртуге кірістік. Біз барлық қауіпсіздіқ шараларын сақтауға тырысып келеміз. Тұрғындарды да, өрт сөндірушілерді де бетперде тағуға шақырамыз. Бұл аурудан сақтап отырған құралдарыңыз.

Хабар 24 телеарнасы