418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та жұмыссыздар қатары артты

  • 138
  • UPD: 13:55, 10.07.2020
АҚШ-та жұмыссыздар қатары артты

Соңғы бір аптада Америка Құрама Штаттарында бір миллион үш жүз мың адам жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы сұрады.

Коронавирус індетіне байланысты көптеген кәсіпорындар жабылып жатыр. Ал жұмысын уақытша тоқтатқан мекемелер қызметкерлерін төленбейтін демалысқа жіберді. Осының салдарынан елде жұмыссыздар саны өсіп келеді. Көптеген штаттардың әкімшіліктері еңбек нарығындағы жағдайды жеңілдетуге бағытталған шараларды қолға алып жатыр. Күрделі эпидемиологиялық ахуалға қарамастан кейбір кәсіпорындарға қайта ашылуға рұқсат берілді. Алайда олардың жұмысы мұқият бақылауға алынады. Дегенмен, елдің экономикасы жақын арада қалпына келетін түрі жоқ.

Хабар 24 телеарнасы