418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Қытайда ауа ластануынан 49 мың адам қайтыс болды

  • 187
  • UPD: 14:10, 10.07.2020
Биыл Қытайда ауа ластануынан 49 мың адам қайтыс болды

Жылдың басынан бері Қытайдың ең ірі екі қаласы – Бейжің мен Шанхайда ауа ластануының кесірінен 49 мың адам қайтыс болды.

Әлемнің 28 алып шаһарында зерттеу жүргізетін ғылыми топ осындай қорытындыға келді. Қалаларды басқан қою түтін инсульт, өкпенің қатерлі ісігі, жүрек және тыныс алу жүйесінің ауруларына әкеп жүр.

Экологтардың есебінше, ауа ластануының салдарынан биыл Бейжіңде 22 мыңнан аса, ал Шанхайда 27 мың адам көз жұмды. Сондай-ақ осының кесірінен екі шаһар 23 миллиард доллар шығынға ұшыраған. Бұл ауырған қызметкерлердің жұмысқа шықпауынан келген шығын.

Хабар 24 телеарнасы