426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдегі ең дамыған қалалар аталды

  • 417
  • UPD: 14:47, 10.07.2020
Әлемдегі ең дамыған қалалар аталды

Сарапшылар әлемдегі ең дамыған қалаларды атады.

Рейтингте Лондон, Нью-Йорк, Париж, Токио, Рейкьявик және Копенгаген көш бастап тұр, деп хабарлады Cities in Motion Index.

Сондай-ақ Берлин, Амстердам, Сингапур, Гонконг, Цюрих, Осло, Чикаго, Стокгольм, Вашингтон, Лос-Анджелес, Сидней, Вена, Сеул және Сан-Франциско ең дамыған қалалар тізіміне енді. Тізімде барлығы 174 ел бар.

Рейтингтің соңында Манила (Филиппин), Рабат (Марокко), Эр-Рияд (Сауд Арабиясы), Каир (Египет), Колката (Калькутта, Индия), Дуала (Камерун), Лагос (Нигерия), Лахор (Пакистан), Карачи ( Пәкістан) және Каракас (Венесуэла) тұр.

Рейтингті құру кезінде сарапшылар адами капиталды, әлеуметтік келісім, экономика жағдайы, экология, халықаралық ашықтық, технологиялық даму, көлік инфрақұрылымы және басқаларын ескерді.

Хабар 24 телеарнасы