418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боливияның уақытша президенті коронавирус жұқтырды

  • 174
  • UPD: 15:31, 10.07.2020
Боливияның уақытша президенті коронавирус жұқтырды

Боливия президентінің міндетін атқарушы ЖанИн Аньес коронавирус індетін жұқтырды. Саясаткер өзінің тест нәтижесін әлеуметтік желі арқылы дүйім жұртқа жария етті. 

Жанин Аньес, Боливия президентінің міндетін атқарушы: 

- Соңғы кездері таныстарымның арасында коронавируске шалдыққандардың саны артқандықтан тест тапсыруды жөн көрдім. Нәтижесі бойынша мені бұл дерт айналып өтпегені анықталы. Осыған орай екі апта карантинде отыратын боламын. Алдағы уақытта денсаулығымды тексеру үшін тағы да тест тапсырамын. 

Жанин Аньес өзін жақсы сезінетінін және жұмысын қашықтан жалғастыра беретінін айтты.

Естеріңізге салайық, Аньес  бұған дейін парламенттің екінші вице-спикері болған. Елде ереуілдердің ушығуынан Боливия президенті Эво Моралес қызметінен кеткеннен кейін Жанин Аньес  президенттің уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы