429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда су тасқынынан 30 млн адам зардап шекті

  • 382
  • UPD: 18:01, 11.07.2020
Қытайда су тасқынынан 30 млн адам зардап шекті

Қытайда алапат су тасқынынан қаза тапқандар мен із-түзсіз жоғалғандардың саны 140-тан асты. Жалпы табиғат апатынан 30 млн адам зардап шекті. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлайды.

Аймақта бірнеше күн толассыз жауған жауын салдарынан өзен-көлдер арнасынан тасыған. Салдарынан тас жолдар мен 3 провинция су астында қалды. Жергілікті билік қауіптіліктің жоғары деңгейін жариялады. Құтқарушылар 1 млн 72 мың тұрғынды эвакуациялады. Көмекке әскерилер де жұмылдырылды. Сарапшылар табиғат апаты ел экономикасына шамамен 8 миллиард доллардан астам шығын әкелгенін хабарлайды.

Хабар 24 телеарнасы