422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иранда эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады

  • 274
  • UPD: 09:29, 11.07.2020
Иранда эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады

Иранда осы аптада екінші рет коронавирустан көз жұмғандардың тәуліктік көрсеткіші бойынша рекорд орнады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі жағдайда да вирус құрбандарының саны 200-ден азаймай тұр. Эпидемиологиялық ахуал бірқатар діни шараларды өткізуден кейін нашарлап кеткен. Одан бөлек кісі көп жиылатын орындардың қайта ашылуы да кесірін тигізсе керек. Сөйтіп, қазір бұл елде әр 33 секунд сайын бір тұрғын коронавирусты жұқтырады. Он минут сайын індеттен бір тұрғын көз жұмады. Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты билік халықты қоғамдық орында маска тағып жүруге міндеттеді. Соңғы мәлімет бойынша, Иранда коронавирусты 250 мыңнан аса адам жұқтыған. Солардың шамамен 5 проценті індеттен көз жұмды.

 

 

Хабар 24 телеарнасы