423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістандағы мейрамханада маска пішінді нан пісірілді

  • 378
  • UPD: 10:47, 11.07.2020

Үндістанның Тамилнад штатындағы мейрамханалардың бірінде маска пішінді нан пісіріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аспаздар осылайша тұрғындарға бетперде тағу қажеттігін еске салады. Бұл нан паротта деп аталады. Оны елдің оңтүстік өңірлерінде көп пісіреді. Әдетте паротта ет не көкөністермен қоса беріледі. Жалпы, соңғы мәлімет бойынша Үндістанда коронавирусты жұқтырудың 800 мыңнан аса оқиғасы расталды. Солардың ең көбі МахарАштра штаты мен осы ТамилнАдта тіркелген.

Пувалингам, мейрамхана қызметкері:

– Біздің маска пішінді нандарымызға онлайн тапсырыстар артуда. Оларды әсіресе балалар сүйіп жейді. Неге маска пішінін таңдадық дейсіздер ме? Өйткені әлі күнге дейін көп адамдар оны тақпайды. Сондықтан біз осы мәселеге көңіл аударғымыз келді.

 

Хабар 24 телеарнасы