Боливия президентінің міндетін атқарушы Жанин Аньес коронавирус індетін жұқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Саясаткер өзінің тест нәтижесін әлеуметтік желі арқылы дүйім жұртқа жария етті.
Жанин Аньес, Боливия президентінің міндетін атқарушы:
– Соңғы кездері таныстарымның арасында коронавирусқа шалдыққандардың саны артқандықтан тест тапсыруды жөн көрдім. Нәтижесі бойынша мені бұл дерт айналып өтпегені анықталы. Осыған орай екі апта карантинде отырамын. Алдағы уақытта денсаулығымды тексеру үшін тағы да тестіден өтемін.
Жанин Аньес өзін жақсы сезінетінін және жұмысын қашықтан жалғастыра беретінін айтты. Еске салайық, Аньес бұған дейін парламенттің екінші вице-спикері болған. Елде ереуілдердің ушығуынан Боливия президенті Эво Моралес қызметінен кеткеннен кейін Жанмн Аньес уақытша президенттің міндетін атқарып келеді.