418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда жаңа заңға қарсы наразылық акциясы өтті

  • 197
  • UPD: 09:30, 11.07.2020
Грекияда жаңа заңға қарсы наразылық акциясы өтті

Грекияны ереуілдер туралы жаңа заңға қарсы жаппай наразылық акциялары жайлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар 40 елді мекенде өткен. Ең ірісі ел астанасы Афиныда ұйымдастырылды. Оған 10 мыңға тарта адам жиылып, соңы тәртіпсіздіктерге ұласты.

Іс-шара бейбіт түрде басталғанымен, артынан кейбір ереуілшілер полицейлерге пиротехникалық заттар мен қолына түскеннің бәрін лақтырған. Ал тәртіп сақшылары оларға қарсы газ бен жарық-шу гранаталарын қолданды. Салдарынан 24 адам қамауға алынған. Халықтың ашуға мінуіне таяуда қабылданған заң жобасы себеп. Ол ереуілдер өткізуді шектеуге бағытталған. Мәселен, наразылық акциясының тәртіпсіздікке ұласу қаупі болса, полицейлер оған тыйым салады. Билік бұл қоғамдық қауіпсіздік үшін қажетті шара дейді. Алайда қарсы тарап жаңа заң полицейлердің бассыздығына жол беретінін айтады.

 

Хабар 24 телеарнасы