418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп мигрант балаларды қорғау туралы жарлыққа қол қояды

  • 187
  • UPD: 13:51, 11.07.2020
Трамп мигрант балаларды қорғау туралы жарлыққа қол қояды

Дональд Трамп мигрант балаларды қорғау туралы жарлыққа қол қоюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы АҚШ президенті жұма күні Telemundo телеарнасына берген сұхбатында мәлім етті. Бұл құжат мигранттардың Америка азаматтығын алуына негіз болмақ. Алайда жарлық аясында бала күнінде АҚШ-қа заңсыз келген азаматтарға рақымшылық жасалмайды. Мигрант балалардың құқығын қорғауға бағытталған Daca бағдарламасы 2012 жылы президент Барак Обаманың тұсында іске қосылған еді. Жарлыққа сәйкес, бала күнінде Америкаға келіп, заңды иммиграциялық мәртебеге ие болмаған 800 мыңға жуық адамға АҚШ азаматтығы беріледі. Бағдарлама мигранттарды депортациядан уақытша қорғап, АҚШ-та жұмыс істеуіне жол ашады.

 

Хабар 24 телеарнасы