418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилиде карантиндік шаралар жеңілдетіледі

  • 206
  • UPD: 13:51, 11.07.2020
Чилиде карантиндік шаралар жеңілдетіледі

Чили билігі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты елдің оңтүстігіндегі екі аймақта карантин шаралары жеңілдетілетіндігін хабарлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүйсенбіден бастап кафелер, кинотеатрлар мен мейрамханалар ашылады. Алайда келушілер санына шектеу қойылады. Таза ауада спортпен шұғылдануға рұқсат етіледі. Қатаң карантиндік шаралар Чили астанасы - Сантьягода ғана сақталады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, бас қалада коронавирус өршіп тұрғандықтан жағдай әлі де күрделі. Чилиде 309 мыңнан астам адамнан «Ковид-19» анықталып, 6 мың азамат қайтыс болды.

 

Хабар 24 телеарнасы