418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорния штатында шектеу шаралары енгізілді

  • 161
  • UPD: 16:09, 11.07.2020

Коронавирустың өршуіне байланысты Калифорния штатындағы Напа округінде кафелер мен мейрамханалар жұмысына қайтадан шектеу енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, қонақтарды жабық бөлмелерде қабылдауға тыйым салынады. Келушілер тек ашық алаңдарда тамақтануы тиіс. Індеттің дендеуі салдарынан соңғы апталарда  Калифорнияда өлім-жітім көбейген. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 312 мыңнан асып, 6 мың азамат қайтыс болды. Коронавирус АҚШ-тың Техас, Флорида және Аризона штаттарында да өршіп тұр. Бүгінгі күнге дейін Америкада 3 миллионнан астам адамнан «Ковид-19» анықталған. Вирустың салдарынан 136 мыңнан астам адам көз жұмды.

Джон Земко, мейрамханаға келуші:

– Қазіргі уақытта ашық алаңда тамақтануға болатын жерлерді таңдаймын. Мұндай орындарда өзімді қауіпсіз сезінемін. Меніңше, бұл – ең д Дұрыс шешім.

 

Хабар 24 телеарнасы