423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Илон Маск миллиардерлер рейтингінде жетінші орынды иеленді

  • 318
  • UPD: 09:17, 12.07.2020
Илон Маск миллиардерлер рейтингінде жетінші орынды иеленді

Америкалық кәсіпкер Илон Маск Bloomberg агенттігінің миллиардерлер рейтингінде жетінші орынды иеленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша ол «Беркшир Хатауэй» инвестициялық қорының басшысы Уоррен Баффетті басып озды. Агенттіктің мәліметіне сәйкес, Tesla компаниясының акциялары 11% өсуіне байланысты Илон Масктың табысы 6,1 млрд долларға ұлғайған. Қазір оның байлығы 70,5 миллиард долларға бағаланып отыр. Компания акцияларының бестен бір бөлігі Илон Маскқа тиесілі.

Хабар 24 телеарнасы