418,83 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тбилисиде театрлар жаңаша жұмыс істеп жатыр

  • 139
  • UPD: 19:09, 12.07.2020

Ашық аспан астындағы қойылым. Грузия астанасы Тбилисидегі театрлар төрт айлық шектеу шараларынан кейін жаңаша жұмыс істеуге көшті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үйреншікті сахнаны саябақтағы алаңға көшіру туралы ұсынысты барлық өнер ұжымы бірауыздан қолдаған. Артистер осылайша өз көрерменін қуантпақ.

Жүз орындық. Жаңа театр жобасының әр қойылымын тап осынша көрермен тамашалай алады. Жаңа әдіспен жұмыс істеу идеясының авторы актриса Майя Геловани.

Майя Геловани, М.Туманишвили атындағы тбилиси мемлекеттік театрының актрисасы:

– Өкінішке қарай, пандемияға байланысты жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылдық. Ал жуырда тек ашық аспан астында қойылым қоюға рұқсат етілді. Оны естіген соң, неге біз де осы мүмкіндікті пайдаланбаймыз деген ой келді. Әріптестерге айтып едім, барлық театр бірден келісім берді.

Өнер ұжымдары карантин кезінде балаларға арналған қойылымдарды онлайн түрде көрсетті. Енді жаңа жобаға қатысып жатыр.

Дмитрий Хвтисиашвили, театрдың көркемдік жетекшісі:

– Бұл жай ғана классикалық спектакль емес, көрерменге қызықты болуы үшін шоу жасап жатырмыз. Тиісті бұйрық шықса, аймақтарға гастрольге барсақ деген де жоспарымыз бар.

Сонымен, алғашқы көрермендер де жинала бастады. Әрине, дене қызуын тексеру, бетперде тағу мен арақашықтықты сақтау – басты талап.

Марьям Ронишвили, көрермен:

– Балаларды ерте жасынан театр өнерімен таныстыру қажет деп санаймын. Олардың қайта ашылғаны бүлдіршіндеріміз үшін тіпті ересектерге де ерекше тарту болды. 

Айта кетейік, жаңа жобаға аймақтарды қоса алғанда, 16 өнер ұжымы қатысуда. Олар аптасына үш рет қойылым қояды.

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы