418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Airbus 15 мың жұмысшысын қысқартуы мүмкін

  • 194
  • UPD: 20:56, 12.07.2020

Панденмияның кесірінен ұшақ жасаумен айналысатын атақты Airbus корпорациясы қып-қызыл шығынға батты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуропалық алып тығырықтан шығу үшін мыңдаған жұмыс орнын қысқартатынын мәлімдеді. Бірақ бұл шешіммен келіспейтіндер көп. Компанияның ашуға булыққан қызметкерлері көшеге шығып, наразылық акциясын ұйымдастырды.

Кәрі құрлықтағы зор шығынға батқан концерн тап осы Airbus. Ұшақ құрастырушы кәсіпорын осы жылдың алғашқы тоқсанында жарты миллион еуро табысынан айырылған. Ал өндіріс қуаты 40 процентке төмендепті. Қолданысқа дайын жаңа әуе көліктері қоймаларда жиналып қалған. Осының салдарынан жұмысшылар санын қысқарту мәселесі көтерілуде. Алдын ала есеп бойынша, 15 мың адам жұмыс орнын жоғалтуы мүмін.

Ксавьер Петтрачи, кәсіподақ өкілі /Франция/:

– Өз өмірін осы салаға арнап, 3 тіпті 4-5 жыл бойы оқыған жастардың жағдайы не болады. Бұлай істесе, олар өз қабілеттерінен айырылады ғой. Біз мәселені шешудің жаңа жолдарын қарастырып, мамандар жұмысын қалай да жалғастыруы керек деп санаймыз. Олар жаңа экологиялық ұшақтар шығаруға уәде беруде. Егер бұл бастамалар тоқтап қалса, онымен болашақта кім айналысады.

Airbus  Испаниядағы – 900, ал, Ұлыбританиядағы - 1700 қызметкерін қысқартады. Ең көп зардап шегетін Франция мен Германия. 10 мыңнан астам адам жұмыстан шығарылады. Компанияның бұл жоспарымен келіспейтіндер өз наразылықтарын білдірді.

Даниель Фридрих, кәсіподақ өкілі /Германия/:

– Бұл қысқартуға тап болатын адамға ғана емес, тұтас аймақ үшін үлкен соққы. Міне, мына орындықтарды қараңыз. Осынша азамат жұмыссыз, табыссыз қалғалы тұр. Коронавирус болғандықтан, олар бір жерге шоғырланбай өз наразылықтарын осылай білдіруде.

Кәсіподақтың жағдайды реттеу бойынша нақты ұсынысы да бар. Мәселен, Германия 2021 жылға дейін қысқартылған жұмыс күніне көшсек дейді. Сонда компания өз шығынын айтарлықтай азайтады. Сондай-ақ пандемия біткеннен кейін білікті маман іздеудің де қажеті болмайды. Енді соңғы шешімді Airbus қабылдауы тиіс.

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Хабар 24 телеарнасы