428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбияда көлік тұрағында кинотеатр ашылды

  • 296
  • UPD: 22:16, 12.07.2020

Колумбияда тұрақты жұмыс істейтін автокинотеатр ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді Москера қаласының тұрғындары көлікпен барып сүйікті фильмдерін емін-еркін көре алады. Келушілер кинодан бөлек, сусын мен жеңіл тағамға тапсырыс бере алады. Аспан астындағы кинотеатр 95 көлікке шақталған.  Еске сала кетейік, бұл елде вирус жұқтырғандардың жиын саны 146 мыңнан асады, 5 мыңға жуық науқас көз жұмды.  

Каролина Кайседо, қала тұрғыны:

– Менің ойымша, бұл өте жақсы идея. Әрі тың тәжірибе. Мұнда барлық сақтық шарасы ескерілген. Сонымен қатар, ерекше атмосфераны сезінуге болады.

 

Хабар 24 телеарнасы