428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 13 миллионға таяды

  • 290
  • UPD: 10:25, 13.07.2020

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 13 миллионға таяп, 560 мыңнан астамы көз жұмды.

Америкалық Джон Хопкинс университетінің дерегі осындай, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, соңғы тәулікте 230 мың адамнан инфекция анықталып, рекорд жаңартылды. Бірінші орында – АҚШ. Онда күніне 60 мыңдай адамнан инфекция анықталады. Латын Америкасында да індет өршіп тұр. Әсіресе, Бразилия, Перу, Чили және Мексикада ахуал қиын. Үндістанда да ахуал оңалар емес. Онда коронавирус инфекциясы анықталғандар қатары 840 мыңнан асып, 22 мыңы көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы