418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексика COVID-19 құрбандарының саны бойынша төртінші орынға шықты

  • 157
  • UPD: 10:35, 13.07.2020
Мексика COVID-19 құрбандарының саны бойынша төртінші орынға шықты

Мексикада коронавирус инфекциясынан көз жұмғандар саны 35 мыңнан асты.

Мексика өлім-жітім жағдайы бойынша Италиядан асып түсті.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Мексикада COVID-19-дан болған өлім жағдайларының саны 35 006-ға жетті. Ал 299 750 адам коронавирус жұқтырған. Қазіргі уақытта 184 764 адам сауығып шықты.

ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде 12,5 миллионнан астам коронавирус жағдайы тіркелді, 561 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы