417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үнді актрисасы Айшвария Рай мен оның қызы COVID-19 жұқтырды

  • 247
  • UPD: 14:48, 13.07.2020
Үнді актрисасы Айшвария Рай мен оның қызы COVID-19 жұқтырды

Әйгілі Болливуд актрисасы Айшвария Рай мен оның сегіз жасар қызы Аарадхиядан коронавирус анықталды.

Бұл туралы кино жұлдыздың жұбайы Абхишек Баччан Twitter парақшасында хабарлады.

Бір күн бұрын актердің өзіннен де COVID-19 анықталған. Ол ауруханада жатыр, отбасы мүшелерінің бәрі коронавирусты анықтауға арналған тест тапсырды.

Рай мен қызында ауру симптомсыз өтіп жатыр, сондықтан олар үйде карантиніне алынды. Актер отбасында басқа ешкімнің коронавирус жұқтырмағанын айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы