419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Африкада коронавирус өршіп тұр

  • 345
  • UPD: 15:37, 13.07.2020
Африкада коронавирус өршіп тұр delo.ua

Африка құрлығындағы елдерде коронавирус індеті өршіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қара құрлықтағы ауруды бақылау және алдын алу орталығының хабарлауынша, аймақта вирус жұқтырған дімкәс жандардың қатары 559 мыңнан асты. Індеттің ілмегіне ілінген 12700-ден астам адам кеселдің құрбаны болды. Дертінен құлан таза айыққандардың саны 274 мыңға жуықтады. Пандемиядан көп зардап шеккен елдердің тізімінде Оңтүстік Африка, Мысыр, Нигерия, Гана, Алжир мен Марокко бар. Оңтүстік Африканың өзінде бір тәуліктің ішінде 13 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. Індет Нигерияда да дес бермей тұр. Жуырда бұл елде ішкі әуе рейстері қайта жанданғанмен өңірдегі мектептер әлі де жабық. Ал, Кенияның білім беру министрлігі аймақтағы барлық мектептер 2021 жылдың қаңтарына дейін ашылмайтынын хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы