418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәрігерсіз қалған аурухана. Қырғызстаннан видео жарияланды

  • 224
  • UPD: 18:37, 13.07.2020

Дәрігерсіз аурухана. Қырғызстанның Кант қаласында коронавирустан ем алып жатқан науқас әлеуметтік желіге медициналық қызметкері қалмаған аурухананың видеосын жүктеді.

Автор ғимараттың дәлізімен жүріп келіп, науқастардың дәрігер, медбике қарауынсыз бір тәулік бойы жатқанын айтады.

«Ем-дом шаралары тоқтатылды, ешкім бұл жағдаймен шаруасы жоқ» дейді видеода.

Бейресми ақпаратқа сәйкес, бұл ауруханадағы 80 қызметкердің 50-і ауырып қалған. Қалған дәрігерлер мамандықтан шаршап, қажығанын айтады. Енді бірі видеоға ауысым кезі түсіп қалған деп отыр. Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі болса, шынында қазір медициналық қызметкерлердің өзі кеселге шалдығып жатқанын жеткізді. Оның қатарында Кант ауруханасының мамандары да бар. Министрлік бұл жерге өзге ауруханадан 18 медицина қызметкерін жіберетінін мәлімдеді. Айта кетейік, Қырғызстанда 10 мың 629 адам коронавирус жұқтырған, 132 науқас кеселден көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы