418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мектептер жабылып, қыз балаларға қатысты зорлық-зомбылық артуы мүмкін

  • 504
  • UPD: 22:55, 13.07.2020
Мектептер жабылып, қыз балаларға қатысты зорлық-зомбылық артуы мүмкін

Пандемия кесірінен әлем бойынша 10 млн жуық бала мектептегі оқуын тастауға мәжбүр болады.

Ұлыбританияның «Сейв зә Чилдрен» үкіметтік емес ұйымы осындай болжамын жариялады. Ондағылар кеселдің ушыққаны соншалық, әлем елдері білім беру саласын қаржыландыруды қысқартып жатыр дейді.  Батыс және Орталық Африка, Йемен, Ауғанстан сынды әлемнің 12 елінде оқушылар мектепке мүлдем оралмауы мүмкін. Ұйымның сарапшылары әсіресе қыз балалардың жағдайы қиындайды деседі.

Айтуларынша, мектептер жабылған соң гендерлік зорлық-зомбылық артып, қыздарды ерте бастан тұрмысқа беру дерегі көбейеді.

Хабар 24 телеарнасы