418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина тамыз айында шығуы мүмкін

  • 138
  • UPD: 10:20, 14.07.2020
Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина тамыз айында шығуы мүмкін

Бұл туралы Гамалей атындағы эпидемиологиялық және микробиологиялық ұлттық зерттеу орталығының өкілдері хабарлайды.

Ондағы мамандардың айтуынша, препараттың екінші рет сынақтан өтуі келесі айдың басында аяқталуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылар қазірдің өзінде тәжірибеге қатысқан еріктілердің ағзасында індетке қарсы иммунитеттің пайда болғанын айтады. Дәрі келесі кезеңдерде де оң нәтиже көрсетсе, вакцина қаңтар айында көптеп өндіріле бастайды. Елдің денсаулық сақтау министрлігінде тұрғындардың екпені өз еркі бойынша қабылдайтынын хабарлайды.

Айта кетейік, пандемия жарияланғаны Ресейде 11 мыңнан астам адам аурудың құрбаны болды. Кеселге шамамен 750 мың тұрғын шалдықты.

Хабар 24 телеарнасы