418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Африкада коменданттық сағат енгізілді

  • 106
  • UPD: 10:19, 14.07.2020
Оңтүстік Африкада коменданттық сағат енгізілді

Оңтүстік Африка Республикасында коронавирус жұқтырғандар саны 250 мыңнан асып жығылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни өткен апталармен салыстырғанда көрсеткіш 2 есе артқан. Осыған байланысты ел үкіметі коменданттық сағат енгізді. Яғни бұдан былай жергілікті жұрт көшеге шықпайды. Тек дәрі-дәрмек пен азық-түлік алуға баруға рұқсат. Медициналық маска тағу міндетті. Бұған қоса, елде алкогольді ішімдіктер сатуға тыйым салынды. Бірақ бұнда жалпыхалықтық карантин енгізілмеді. Жергілікті билік бұл қадам вируспен күресте тиімсіз деп есептейді. Есесіне экономикаға ауыр соққы әкеледі. Мұнда дәл осындай шаралар сәуір мен мамыр айларында қолға алынған болатын. Одан кейін шектеулер азайды. Нәтижесінде күнделікті 10 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталып, оның көрсеткіші бойынша құрлықта алдыңғы қатарға шықты.

Хабар 24 телеарнасы