422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауғанстанда тәліптердің шабуылынан 10 адам мерт болды

  • 265
Ауғанстанда тәліптердің шабуылынан 10 адам мерт болды

Ауғанстанның солтүстігіндегі Саманган провинциясында «Талибан» қозғалысының шабуылынан кемінде 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондаған тұрғын жарақат алды. Оқиға Айбак қаласындағы мемлекеттік мекемелер орналасқан ауданда болған. Тәліптер алдымен жарылғыш зат тиелген автокөлікті жарып жіберіп, содан кейін қауіпсіздік күштері қызметкерлеріне оқ атқан. Қазір атыс жүрген ауданды әскерилер қоршауға алып, содырларды іздестіріп жатыр. Айта кетейік, ақпанда АҚШ пен «Талибан» қозғалысы бейбіт келісімге қол қойды. Құжатқа сәйкес, елдегі қақтығыстар азайтылып, радикалды топтың 5 мың мүшесі бостандыққа шығуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы