423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Колорадода оба жұқтырған тиін табылды

  • 330
  • UPD: 12:55, 14.07.2020
Колорадода оба жұқтырған тиін табылды

АҚШ-тың Колорадо штатында оба жұқтырған тиін табылды.

«Сенбі, 11 шілде күні Моррисон қаласында табылған тиіннен тест алынып, оның оба жұқтырғаны белгілі болды», - делінген хабарламада.

Бұл ауданда мұндай жағдай алғаш рет тіркелген.

Бұдан бұрын Ішкі Моңғолияның (ҚХР) Баян-Нұр қаласындағы бақташыдан бубон обасы расталды. Сонымен қатар бұл оба Моңғолияның батысында Алтай Республикасымен шектесетін аймақта табылды.

Оба – өлім-жітім мен жұғу қаупі жоғары жұқпалы ауру. Инфекцияның негізгі тарату көзі – суыр, тиін, егеуқұйрық сынды кеміргіштер.

Хабар 24 телеарнасы