418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ COVID-19 дертінің әлемде таралған 4 сценарийін айтты

  • 144
  • UPD: 14:04, 14.07.2020
ДДСҰ COVID-19 дертінің әлемде таралған 4 сценарийін айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы әлем елдеріндегі коронавирус індетінің таралуын бірнеше сценарийге бөлді.

Тедрос Гебрейесустың айтуынша, пандемияның қаупі барлық елге бірдей төнгенімен, оның зардабын бәрі бірдей тартқан жоқ. Бірінші лекте Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Тынық мұхит өңірі, Кариб бассейіні мен Африканың кейбір елдері бар. Екінші сценарийге Еуропаның көптеген аймағы кірді. Үшінші топқа енгізілген шектеу шаралары мерзімінен бұрын жеңілдей бастаған мемлекеттер кірді. Олардың тізімі нақтыланған жоқ.

Тедрос Адханом Гебрейсус, ДДСҰ басшысы:

– Бүгінгі таңда вирус өршіп тұрған кей елдерде карантиннің қатаң шектеу шаралары қайта енгізіліп жатыр. Бұл инфекцияны бақылауда ұстау үшін қолға алған амал. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирусты ауыздықтау үшін кез келген мемлекетпен бірге күресуге дайын. Күш біріктірсек қана көзге көрінбейтін жауды жеңе аламыз.

Хабар 24 телеарнасы