431,68 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та вирус жұқтырғандар саны 3 млн-нан асып кетті

  • 318
  • UPD: 14:28, 14.07.2020

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, бір ғана Флорида штатының өзінде 282 мың адамнан коронавирус инфекциясы анықталып, 4 мыңнан астам науқас қайтыс болды.

Бұл вирус ошағы болған Қытайда дертке шалдыққандар санынан үш есе көп. Калифорнияда да науқастардың күрт көбейгені байқалып отыр. Індеттің өршуіне тосқауыл қою үшін жергілікті билік карантин режимін күшейтті. Атап айтқанда, штатта мейрамханалар, кинотеатрлар, музейлер және зообақтардың жұмысына шектеу қойылды. Сонымен қатар 30 округте шіркеулер, кеңселер, фитнес орталықтары және шаштараздар жабылды.

Гэвин Ньюсом, Калифорния штатының губернаторы:

– Отбасыңыздан тыс адамдармен араласуды тоқтата тұрыңыз. Бұл – қарапайым қағида. Алайда мұны да сақтамайтындар бар. Лос-Анджелес пен Сан-Диего мектептерінде жаңа оқу жылында сабақ онлайн режимде өтеді. Эпидемия бәсеңдегенше, қашықтан оқу форматын қолдануға тура келеді.

Хабар 24 телеарнасы