417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Египетте газ құбырының жарылысынан адамдар жараланды

  • 132
  • UPD: 10:13, 15.07.2020
Египетте газ құбырының жарылысынан адамдар жараланды

Египеттің Каир қаласындағы газ құбырында жарылыс болып, артынша өрт шықты. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, оқиғадан 12 адам зардап шекті.

Түтіннен уланып күйік шалған науқастар дәрігерлердің жіті бақылауында. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, аспанда жайылған қою қара түтін Каирден Исмаилия қаласына дейін жеткен. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 20 өрт сөндіруші техника жұмылдырылды. Белгілі болғандай, жалын жақын маңдағы автотұраққа да жетіп, бірнеше көлік отқа оранды. Болжам бойынша өрттің шығуына жанармайдың жылыстауы себеп болған. Оқиғаның анық-қанығын анықтау үшін  тергеу ісі басталды.

Хабар 24 телеарнасы