417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада өзгеге бала туып беру мәселесі түрлі күмән тудырып отыр

  • 134
  • UPD: 11:54, 15.07.2020

Соңғы уақытта Украина қоғамы суррогат ана тақырыбын қызу талқыға салуда. Бұл қызмет Украинада заңды деп есептеледі және суррогат ана қызметі шамаман 50 мың евро тұрады. Америкада болса, бала сүюдің мұндай мүмкіндігі үш есе қымбат. Украина әйелдерін мұндай қадамға не итермелейді, қоғам не дейді, заң не дейді?

Бұл бейнебаянды Киевтегі репродуктивті клиникалардың бірі жақында жариялаған еді. Видеодағы 46 шақалақтың шырылдап жылаған дауысы мен олардың ерекше тағдыры туралы ролик жарты әлемге тарағаны рас. Бұл сәбилерді өмірге украиналық суррогат ана алып келген. Коронавируске байланысты жарияланған карантин салдарынан шекара жабылып, балалар генетикалық ата-аналарына жете алмай қалған. Қазір халықаралық әуе қатынасы реттеліп, бұл мәселе оң шешімін тапты. Алайда украин қоғамында суррогат ана тақыры өршіп тұр. Бірі бұл мәселені балалы болудың таптырмас мүмкіндігі десе, екіншісі «бала саудасына» балайды. Әсіресе шетелдіктерге баланы украин әйелдері туып беретіні батады екен.

Елена Бабич, заңгер:

- Основная причина почему едут в Украину – это мне кажется, две причины. Первое, это действительно законодательство регламентировано таким образом либеральное в плане суррогатного материнства. Второй момент – это качественность, высокое качество услуг за намного меньшую стоимость нежели это стоит в Европе, либо в Америке. В Украине суррогатное материнство а – разрешено, б – есть определенные условия для того, чтобы вступить в программу суррогатного материнства, независимо от того, иностранные граждане или граждане Украины.

Шетелдіктер Украинаға ең негізгі екі мәселе бойынша жиі келеді. Біріншіден, осы саладағы заңнама барынша либералды. Екіншіден, көрсетілетін қызмет сапасы жоғары, ал бағасы Америка мен Еуропа елдеріне қарағанда әлдеқайда арзан. Және ең бастысы суррогат ана заң бойынша рұқсат етілген.

Суррогат ана бағдарламасына қатысудың екі шарты бар: біріншіден, тапсырыс беруші ата-аналар некеде болуы керек, тек бір жыныстағы жұптар бұл қызметке жүгіне алмайды. Екіншіден, медициналық анықтамадан өтесің, өйткені Украина заңдары бойынша суррогат бедеулікті емдеудің әдісі ретінде қарастырылады. Украинада суррогаттық ана мәселесін реттейтін заң жоқ. Тек отбасылық және азаматтық кодекстерде баптар мен жеке жарлықтар бар. Ұйымдастыру мәселелерімен қаптаған агенттік айналысады. Олар емхана, тапсырыс беруші жұп және суррогат әйел арасында делдал ретінде қызмет етеді. Алайда қоғамық ұйымдар суррогат ана тақырыбына әлі де көп күмәнмен қарайды.

Марина Легенько, Украина әйелдер құқығын қорғайтын қоғамдық ұйымының қызметкері:

- Приблизительно 80% женщин – это женщины, которые обращаются уже на этапе, когда они вынашивают ребенка, то есть они столкнулись с какими-то проблемами правового или психологического характера, уже в той ситуации, когда они находятся в программе, когда они подписали договора, когда они вынашивают ребенка. Есть женщины – менее распространенные случаи, когда женщины обращаются еще на этапе когда они думают – они увидели где-то рекламу, они увидели такую возможность и очень небольшое количество женщин – но это как раз самые сложные случаи – обращаются к нам уже после того, как они родили ребенка, передали его паре, но тем не менее то женщины, которые нуждаются в очень серьезной поддержке – это женщины, которые не смогли принять и не смогли смириться.

Бізге көмек сұрап хабарласатын әйелдердің 80 проценті осы бағдарлама келісім бергеннен кейін не болмаса екіқабат кезінде тығырыққа тірелгендер. Көбінесе әйелдер баласын бастапқыда оңай бере салғанмен, кейіннен өкініп, опық жеп жатады.

Сурогат ана бағдарламасы Украинада 17 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бір баланы көтеріп, аман есен босанғандарға 14 мың, екі балаға 20 мың еуро төлеуі мүмкін және қалған шығынды да тапсырыс беруші тарабы көтереді. Әсіресе Украина шығысындағы соғыс пен карантинге қатысты жұмыссыздық белең алғаннан бері бұл қызметке ынта білдірген украин әйелдерінің саны еселенуде.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Петро Борейко

Хабар 24 телеарнасы