420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда су тасқыны 76 адамның өмірін жалмады

  • 198
  • UPD: 10:47, 15.07.2020
Жапонияда су тасқыны 76 адамның өмірін жалмады Meteoprog

Жапонияда су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көз жұмғандар саны 76 адамға жетті, деп хабарлайды NHK.

Бір адам ауыр халде табылған, тағы 13 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Елдің оңтүстік-батысында толассыз жауған жаңбыр су тасқыны мен лай көшкініне әкеп соқты. Табиғи апат салдарынан 15 мыңнан астам үй жарамсыз деп танылды.

Синоптиктердің де болжамы көңіл көншітпейді – жауын апта соңына дейін тоқтамайды екен.

Хабар 24 телеарнасы