428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колорадо штатында орман өрті өршіп тұр

  • 192
  • UPD: 11:20, 15.07.2020
Колорадо штатында орман өрті өршіп тұр

АҚШ-тың Колорадо штатында орман өрті дес бермей жатыр. Жалынды сөндіруге аптап ыстық кедергі.

Қазір өрт туристер арасында танымал нысандарға жақындап қалған. Тілсіз жау елді мекендерге де қауіп төндіріп тұр. Соңғы мәліметтерге сай, жалын Эвергрин қаласының маңында 25 гектар аумақты шарпыған. Оттың тұтануына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Өртті сөндіруге тікұшақтар тартылып, мыңдаған тұрғынға қауіпсіз жерге көшуге кеңес берілді.

Хабар 24 телеарнасы