426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каталония жұртты ашық аспан астындағы киномен қуантпақ

  • 193
  • UPD: 11:13, 15.07.2020
Каталония жұртты ашық аспан астындағы киномен қуантпақ

Каталония жағалауында тұратын халық жағажайда жыл сайын көрсетілетін кинокөрсетілімнің басталуын асыға күтіп отыр.

Жазғы жылы түндер кезеңіне сәйкес келетін бұл мәдени шара карантиннен шаршаған жұрттың көңіліне медеу болмақ.

Жыл сайынғы кинобағдарлама биыл 30 шілде мен 23 тамыз аралығында өтеді. Көрермен көзайым болуы үшін Барселона, Бадалона, Эль-Прат, Матаро, Паламос және Тосса-де-Мар қалалары жағажайларын кинозалға айналдырып, Cinema Lliure a la Platja тоғызыншы киномарафонын өткізеді.

Бастамашыл Маго Production компаниясы өткізгелі отырған бұл марафон тәуелсіз кинематографты қолдауға бағытталған.

Барлық сеанстар гигиеналық талаптарды қатаң орындау арқылы өткізіледі.

Киноны тамашалау тегін, тек арнайы сайтта ашық аспан астындағы кинозалдан орынды броньдау керек.

espanarusa.com

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы