430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чехияда пойыздардың соқтығысуынан 35 адам жарақат алған

  • 318
  • UPD: 11:30, 15.07.2020
Чехияда пойыздардың соқтығысуынан 35 адам жарақат алған

Чехияда жолаушылар пойызы мен жүк пойызының соқтығысуынан бір адам мерт болып, 35 адам жарақат алды.

– Төрт жолаушы ауыр халде жатыр. Зардап шеккен сегіз адам кәмелетке толмағандар, - деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметінің өкілі Петра Эффенбергер.

Апаттан 40 жастағы жүргізуші қаза тапты.

Бұған дейін Прага маңында жолаушылар пойызы қозғалыссыз тұрған жүк пойызына соғылғанын хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы