426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде дерт жұққандардың жартысынан көбі Латын Америкасынан анықталды

  • 261
  • UPD: 13:42, 15.07.2020
Әлемде дерт жұққандардың жартысынан көбі Латын Америкасынан анықталды

Латын Америкасында эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, қазір әлем бойынша коронавирусты жұқтырғандардың жартысынан көбі осы аймақта анықталып жатыр.

Қауіпті кесел құрбандарының 64 проценті Латын Америкасы елдерінің тұрғындары. Халықаралық агенттіктің мәліметіне сай, эпидемия қазір Бразилия, Мексика және АҚШ-та күш алып барады. Індет өршіп тұрған Бразилияның Манаус қаласында тұрғындардың 14 процентінде ғана вирусқа қарсы иммунитет пайда болған. Пандемия басталғалы бұл елде 2 миллиондай адам коронавирус жұқтырып, 74 мың науқас қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы