418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп Қытайға санкция салу туралы заңға қол қойды

  • 128
  • UPD: 16:01, 15.07.2020

АҚШ пен Қытай арасындағы тартыс күшейіп барады. Дональд Трамп бұл елге санкциялар салатын кезекті заңға қол қойды.

Оған Гонконгтың ұлттық қауіпсіздігі жөнінде Қытай билігінің қабылдаған заңы себеп болды. Осы заңды бұзғандар өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ақ Үй әкімшілігі оны автономиялық аймақты басып алу деп санайды. 99 жыл бойы ағылшын отары болған Гонконг 1997 жылы Қытайға қайтарылғаны белгілі. Бейжің билігі 50 жыл бойы «Бір ел  - екі жүйе» қағидатын ұстануға келіскен еді. Оған сәйкес қаланың автономиясы, ал тұрғындарының өз еркін білдіру мен жиналыстар өткізу секілді құқықтары сақталуы тиіс еді. Соңғы жылдары Қытай үкіметі Гонконг тұрғындарының бостандықтарын шектеуге тырысып келеді. Бұл үнемі жергілікті тұрғындардың наразылығын тудыратын. Былтыр жыл бойы өткен шерулерге миллиондаған адам шықты. Енді Қытай үкіметі жаңа заңды Гонконгтағы демократиялық қозғалысты басып тастауға қолданады деген қауіп бар. 

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

- Мен Гонконг халқына қарсы қатыгез іс-қимыл жасағаны үшін Қытайды жауапқа тарту жөнінде заңға қол қойдым. Конгресс бұл заңды бір ауыздан қабылдады. Ол Гонконг еркіндігін жоюға қатысты жеке тұлғалар мен ұйымдарды жауапкершілікке тарту үшін әкімшілігімді жаңа күшті құралдармен қамтамасыз етті. Сондай-ақ, мен АҚШ-та Гонконгке берілген артықшылықтар тәртібінің күшін жою туралы жарлыққа қол қойдым. Енді Гонконг өзге Қытай сияқты қарастырылады. Ешқандай жеңілдіктер берілмейді.

Хабар 24 телеарнасы