431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Йеменде араб коалициясының соққысынан балалар мен әйелдер қаза тапты

  • 140
  • UPD: 15:44, 15.07.2020
Йеменде араб коалициясының соққысынан балалар мен әйелдер қаза тапты

Йеменнің солтүстік-батысында болған әуе шабуылынан 7 бала мен 2 әйел көз жұмды.

Мерт болғандардың барлығы шабуыл кезінде үйлерінде отырған. Тағы 4 адам Хаджа провинциясында жарақат алды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар ұйымы хабарлады. Халықаралық ұйым қанды оқиғаны теракт деп бағалап, қатаң сынға алды. Аймақтағы бүлікшілер шабуылды Араб коалициясы ұйымдастырды деп айыптайды. Жойқын жарылыстардан аймақтағы тұрғын үйлердің тас талқаны шыққан. Халық үйінділер астынан адамдардың бар жоғын іздестіріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы