420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Индонезияда өзендер тасыды

  • 328
Индонезияда өзендер тасыды

Индонезияның Сулавеси аралында кенеттен су тасыды. Табиғи апаттан 16 адам қаза тауып, тағы 23-і із-түзсіз жоғалып кетті.

Екі күн бойы толассыз жауған жаңбырдың салдарынан аралдағы үш өзен арнасынан асты. Көшелер мен мыңдаған үйді лай мен тас басып кеткен.

Қазір құтқарушылар апатқа ұшыраған аумақтарға жету үшін жолдарды тазартуда. Екі мыңнан аса адам уақытша баспаналарға жайғастырылды. Тропикалық аймақта орналасқан Индонезияда су тасқындары мен лай көшкіндері жиі болып тұрады. Одан жыл сайын мыңдаған адам опат болады. 270 миллионнан аса халқы бар бұл елде милиондаған адам таулы өңір мен өзендер жағасы секілді қауіпті аймақтарды мекендейді.

Хабар 24 телеарнасы