418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада карантин 1 айға ұзартылады

  • 143
  • UPD: 18:15, 15.07.2020

Украинада карантин тәртібі тағы бір айға ұзартылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір денсаулық сақтау министрлігі шектеу шараларын ұзарту бойынша тиісті қаулыны дайындап жатыр. Жалпы елдегі карантин 12 наурызда жарияланып, одан кейін кезең-кезеңімен жеңілдетілген еді. Бірақ карантин тәртібі босаңсыған соң, вирусты жұқтырғандар саны артқан. Соңғы тәулікте 836 адамнан індет анықталып, науқастардың саны 55 мыңнан асты. Коронавирустан 1427 адам қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы