419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биліктегілердің коронавирусқа қарсы әрекеті әлсіз – Боливия халқы

  • 291
  • UPD: 21:11, 15.07.2020

Боливияда наразы жұрт елде жарияланған шектеу шараларына қарсы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені экономика тұралап, жұмыс орындары қысқарған. Ереуілшілер Ла-Пас қаласының көшесімен жүріп өтіп, ел президенті Жанин Аньестің суретін жағып жіберген. Олардың айтуынша, биліктегілердің індетпен күрес жолындағы әрекеті әлсіз, халыққа қолдау жоқ. Ал мемлекет басшысының өзі қазір коронавирусты жұқтырып, ем-дом шараларын қабылдауда.

Хуан Карлос, кәсіподақ өкілі:

– 300 мыңға жуық адамды жұмыстан қуып жіберді. Осыншама адам нәпақасыз қалды. Кейбір кәсіподақтар жалақы көлемін қысқартып жатыр. Не деген сұмдық? Біз қызметкерлердің құқығын қорғауымыз керек.

Айта кетейік, бүгінде Боливияда коронавирусты жұқтырғандар саны 50 мыңнан асып кетті. 1898 науқас кеселден көз жұмды. Індеттен Санта-Крус қаласы қатты зардап шеккен. Мұнда 26 124 тұрғыннан індет анықталыпты.

Хабар 24 телеарнасы