Бразилияда бір тәулікте 1300 адам коронавирустан көз жұмды
- 234
- UPD: 07:36, 16.07.2020

Бразилияның Денсаулық сақтау министрлігі елде тәулігіне коронавирустық инфекцияның 41 857 жаңа оқиғасы тіркелгенін, сонымен қатар COVID-19-дан 1300 адам қайтыс болғанын растады.
Бүгінгі күні елде коронавирустан 74000-нан астам адам көз жұмған.
Коронавирустан қайтыс болғандар саны дүйсенбіден (13 шілде) бері 1,7%-ке өсті, ол кезде көз жұмғандар саны 72 833 болған.
Пандемия басталғалы бері Бразилияда 1 млн 926 мыңнан астам адам COVID-19 жұқтырған.
Ресми мәліметтерге сәйкес елдегі 1 млн 209 000-нан астам адам коронавирустан емделіп шықты. Бүгінгі таңда 3928 өлім жағдайы тергеліп жатыр.