431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Ресейде вакцина сынамасына қатысқандар үйіне жіберілді

  • 275
  • UPD: 09:00, 16.07.2020
COVID-19: Ресейде вакцина сынамасына қатысқандар үйіне жіберілді

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина сынамасына қатысқан еріктілердің алғашқы легі үйлеріне шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесі бойынша барлық адамдар өздерін жақсы сезінеді және ағзаларында иммунитет қалыптасқан. Бұл туралы Сеченов атындағы университеттің ғалымдары мәлімдеді. Сынамаға барлығы 38 адам қатысқан. Оның 18-інде зерттеу жұмыстары қазір аяқталды. Вакцинаны еріктелерге еккен соң кейбірінің дене қызуы көтерілген. Енді бірінің буыны шаншып, іші ауырған. Десе де 20 күннен соң бұл белгілер сап тыйылған.

Айта кетейін, зерттеу жұмыстарына қатысты соңғы шешімді Гамалеи институты қабылдайды. Содан соң ғана денсаулық сақтау министрлігі оны тіркеуге алады. Ал жоспар бойынша тамыздың ортасынан вакцинаны жаппай сынау жұмыстары басталады.

Вадим Сеченов, университет жетекшісі:

– Вакцинаға қолданылған негіз екі он жылдық бойы ойлап табылған. Оның негізінде жаңа дәрі-дәрмек шығаруға болады. Бұған дейін көптеген вакцина осыдан алынды. Оның қатарында 5000 адам сынамасына қатысқан Эболаға қарсы вакцинасы да бар. Сондықтан да біздің препарат ойлап табуымыз ұзаққа созылмады. Өйткені дайын негізді қолдандық.

Хабар 24 телеарнасы