423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда 2 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды

  • 249
Бразилияда 2 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды

Жаһанды жайлаған коронавирус әсіресе Латын Америкасына қатты тиіп отыр.

Мысалы, дүниежүзілік тізімде науқастар саны бойынша алғашқы үштіктегі Бразилияда қауіпті дертке шалдыққан тұрғындардың саны 2 млн-нан асты. 75 мыңнан астам адам вирустың құрбаны болды.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, өткен тәуліктің өзінде COVID-19-дан 1200 адам көз жұмып, 40 мыңнан астамы коронавирус жұқтырды. Аймақта медициналық құрал-жабдықтар мен дәрігерлер тапшы. Мамандар жағдайдың күннен-күнге ушығып бара жатқанын айтып дабыл қағып отыр.

Хабар 24 телеарнасы