423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ОАР-да 300 мыңнан астам адамнан кесірлі вирус анықталды

  • 431
ОАР-да 300 мыңнан астам адамнан кесірлі вирус анықталды Delo.ua

Оңтүстік Африка Республикасында вирустың таралу қарқыны үдеп, вирус жұқтырғандар саны 300 мыңнан асып кетті.

Бұл – құрлықтағы рекордтық көрсеткіш. Індеттің өршуіне тосқауыл қою үшін ел билігі шектеу шараларын күшейтіп, коменданттық сағат жариялады. Тұрғындарға себепсіз үйден шығуға болмайды. Тек дәріхана мен дүкенге баруға рұқсат берілген. Маскасыз жүруге де тыйым салынып отыр. 

Ресми мәліметке сай, елде құрбандар саны 4 мыңнан асып жығылады. Алайда Медициналық ғылыми-зерттеу кеңесінің дерегінше, тек соңғы екі айда 11 мың адам көз жұмған. Қазір ауруханалар лық толы болғандықтан, дәрігерлер  науқастарды қабылдамай, үйлеріне қайтарып жатыр.

Тобиса Фодо, дәрігер:

– Өте қиын. Біреудің анасын, әжесін, енді біреудің әкесін, ағасын қабылдай алмай, үйіне қайтарып жатамыз. Бұл дәрігерлер үшін ауыр. Қазір науқастардың 25 процентін ғана қабылдауға мәжбүрміз.

Хабар 24 телеарнасы