Пандемияға байланысты жабылған Париждегі Диснейленд ашылды.
Дегенмен Диснейленд аумағында қауіпсіздік шаралары сақталады – міндетті түрде медициналық маска тағу, бір метр әлеуметтік арақашықтық сақтау және антисептик құралдарды үнемі қолдану.
«Вирустың әлі де таралуына байланысты қонақүйлердің сыйымдылығы шектелді, лифтілерге бір отбасының мүшелері ғана бірге кіре алады», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, Францияда COVID-19-дың 173 304 жағдайы тіркелді, 30 120 науқас қайтыс болды, 78 820 адам жазылып шықты.