423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хакерлер Билл Гейтс, Илон Маск және Джефф Безостың Twitter парақшаларын бұзды

  • 347
  • UPD: 11:12, 16.07.2020
Хакерлер Билл Гейтс, Илон Маск және Джефф Безостың Twitter парақшаларын бұзды

Хакерлер америкалық кәсіпкерлер Илон Маск, Билл Гейтс және Джефф Безостың Twitter парақшаларын бұзды.

Сондай-ақ олардың оқырмандарын көрсетілген шотқа биткойндер аударуға шақыратын хабарламалар таратқан. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.

Киберқылмыскерлер танымал тұлғалардың атынан егер биткойндер тез арада жіберілсе, аударылған сома екі есе болып қайтарылатынына уәде берген.

Bloomberg-тің хабарлауынша, Apple және Uber америкалық компанияларының Twitter-дегі ресми парақшаларына да шабуыл жасалған.

Сондай-ақ кәсіпкер мен Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Майкл Блумбергтің, рэп орындаушы Канье Уэсттің және АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джозеф Байденнің парақшалары бұзылған. Кейінірек АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың да парақшасы бұзылғаны туралы белгілі болды.

Twitter бұл аккаунттардың бұзылуына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы