431,11 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түрікменстан коронавируске абай болсын – ДДСҰ

  • 340
  • UPD: 22:19, 16.07.2020
Түрікменстан коронавируске абай болсын – ДДСҰ

COVID-19 ауруын жұқтырудың бір де бір дерегі тіркелмеген Түрікменстанға да, індет тараған елдердегідей қауіпсіздік шараларын қолға алу қажет. 

10 күн бойы бұл елде іссапармен болған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары осындай нұсқау беріп отыр. Олар Түрікменстан коронавирустан таза ел екенін растады. Ашхабадта өткен баспасөз маслихатында ұйымның Еуропалық бюросының төтенше жағдайлар бойынша маманы Кэтрин Смолвуд ауруханаларды аралап, шекарадағы үш өткелге барып қайтқанын хабарлады.

Айтуынша, жақында елде автобус пен теміржол қатынасы шектетіліп, маска тағу мен арақашықтық сақтау секілді қауіпсіздік шаралар қолға алынды. Кэтрин Смолвуд осы ережелерді қатаң ұстанып, елдегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде мәліметті жасырмауға шақырды. 

Кэтрин Смолвуд, ДДСҰ Еуропалық бюросының төтенше жағдайлар бойынша аға маманы:

- Түрікменстан денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, елдегі жағдайды мұқият қадағалап жатырмыз. Сондай-ақ эпидемиологиялық бақылау деңгейін күшейтіп, Ковид-19 бен респираторлық ауруларды аңдуға нұсқау бердік. Күдік туғызған барлық жағдайлар туралы ұйымымызға хабарлауыңызды сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы