423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейдегі орман өрті үйлерге қауіп төндіріп тұр

  • 220
  • UPD: 10:36, 17.07.2020
Ресейдегі орман өрті үйлерге қауіп төндіріп тұр

Ресейдің Ханты-Мансийск автономды округінде орман өрті дес бермей жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жау 30 мың тұрғыны бар қалаға жақындап қалды. Соңғы мәліметтерге сай, 12 мың гектар аумақта 25 өрт ошағы анықталған. Аймақта төтенше жағдай режимі жарияланып, мамандар отты сөндіруге тырысып жатыр. Жалпы қызыл жалынмен күреске 700-ден астам адам және ондаған техника тартылған. Сондай-ақ сөндіру жұмысына бірнеше тікұшақ жұмылдырылды. Мамандардың айтуынша, өрттің өршуіне өңірдегі аптап ыстық себеп болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы